Ресей соғысқа есектерді жегуді қарастыруда

«Маңдайшепке есектерді шығарайық». Ресейдің мемлекеттік думасында соғысқа төрт түлікті жегу мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Alash.kz.
Думадағы Қорғаныс Комитетінің мүшесі Виктор Соболев «майданда есектерді көлік ретінде пайдалану қалыпты тәжірибе екенін, сондай-ақ оқ-дәрілер мен басқа да мүліктерді майданға жеткізу бойынша қиындықтар барын» айтты.
Сонымен қоса:
<…> Алдыңғы қатардағы бөлімдер мен бөлімшелерге қару-жарақ таситын адамдардан гөрі есектердің өлгені жақсы«, — деді ол.
Соболевтің айтуынша, Ұлы Отан соғысында «артиллерияның бір бөлігі атпен алға ентелеген» және ол «Берлинге дейін солай жеткен».
Еске салайық, бұған дейін Z-арналар Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі тыңға түрен салып, оқ-дәрілерді тасымалдау үшін «есек бөлімшелерін» ұйымдастыра бастағанын хабарлаған.
Мұны сарапшылар басқаша тәпсірлеп, техниканың жетіспеуін бүрекемелеу деп санап отыр.
Фото көрнекілік үшін.