Ресейде төтенше жағдай!

0
178

Челябі облысындағы Киалимское су қоймасында жауын-шашынның салдарынан бөгетті су шайып кетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

РИА Новости мәліметінше, Челябі облысының Қарабаш ауданында төтенше жағдай жарияланды. Кейін төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары таң ытысымен шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын бастайтыны белгілі болды.

Ресей Федерациясының ТЖМ жариялаған ақпаратқа сәйкес, құтқарушылар аймақтың бірнеше бөлігінде тұрғындарды қауіпсіз аймаққа шығарды.

“Ресей ТЖМ Челябі облысында 163 тұрғынды, оның ішінде 21 баланы эвакуациялады”, — делінген ведомство хабарламасында.

Құтқарушылар оқиға орнында жұмысын жалғастыруда.

«Челябі облысының Киолим ауылында су өзен арнасына қайта оралды, елді мекен судан толығымен босатылды. Құтқарушылар ұшқышсыз ұшақтарды пайдалана отырып, ауыл аумағын бақылап, Киолимовское су қоймасындағы бөгеттің жағалау бөлігінің эрозиясының салдарын жоюға кірісті», — делінген ведомство хабарламасында.

Фото интернеттен алынды.