Ру жарысы талайдың қалтасын қағуда
Тиктокта мына біреу ру жарыс өткізіп отыр. Қай ру өкілі каспиіне көп ақша салса, соны тізімде жоғары көтеріп қояды. Жүздеген қазақ сол стримге телміріп, тиын аударып, уақыт жоғалтып мәз.
Тағы бір тікелей эфир виртуал ойыны бар. Ақша аударсаң көлік нөміріне сол облыстың сериясын қойып береді. 17, 09 дегендей. Алматы көбірек ақша аударса, Шымкенттің көлігін жарып жібереді. Соған 100 мыңдап ақша жұмсаған адамдарды көрдім.
Жалпы біздің адамдар алаяққа алдандым десе аяушылық таныта бермеймін, себебі өздері сұранып лох (аудармасы қалай) болып жүреді. Сауат ашуға жұмсайтын қаржыны алаяқтың қолына өзі апарып береді.
Сенің тегің керемет десе атынан түсіп өзі жаяу қалады. Бал аштырады, тәуіп аралайды немесе тікелей эфирде осылай эго қанағаттандырады. Ұлттың комплексін жоймаса, қиын нәрсе бұл.
Абай СЕЙФУЛЛАҰЛЫ, журналист
Қаржылық сауат Телеграм арнасынан.
Фото интернеттен алынды.