Шоқан сатқын болған ба?

0
180

Шоқанның балалық шағы өткен жерге талай рет барған Нартай Сауданбекұлы «Шоқан-сатқын!» деген сөзді күніне 2-3 адамнан естейтін, — деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.

«Мен Көкшетау мен Қызылжардың ортасында таксимен жүріп жүрген кезде «Шоқан деген – сатқын деген» сөзді естуім «Шемен» пьессасының шығуына түрткі болды», — дейді кино және театр актеры Н. Саудабекұлы Сұрауы бар подкастында.

Н. Саудабекұлы ол кісілерді кейін ешқашан кездестірген жоқ, бірақ ешкімнен тапсырыс алмай, Шоқан Уәлихановтың аруағын осындай жаладан арашалап алғысы келгені туралы айтты.

Шоқан Уәлиханов қазақ даласының рекогносцировкасын жасады.

«Рекогносцировка деген не екенін көбі білмейді … бұл соғыс жүргізу үшін жасалған карталық жол. Яғни қай жерден ауыр артилерия өтуі керек, қай жерден атты әскер өтеді, қай жерден жаяу әскер өтеді … бұл үлкен жұмыс, оны ғалымдар ғана жасай алады, картографияны меңгерген үлкен білімді адамдар жасай алады», — деп мәлімдеді Н. Саудабекұлы.

Ұлы империяның қол астында, оған ол өзінің атасы Уәли Сұлтаннан бастап бағынышты болған  Ш.Уәлиханов қазақтың үлкен даласын картаға түсіріп, «Тәуелсіз  колокол» деген Францияның БАҚ-на беріп жіберді.

«Сатқындық, иә, былай қарасаңыз?», — деп ирониямен күліп айтты кино және театр актеры.

«Бұл Ресейден бұрын Еуропада жарық көріп қойды … не үшін?», — деген туындаған сұраққа Н. Саудабекұлы бірден жауап берді.

«Ертең қысыл таяң күн туса, ауыздықпен су ішіп, етікпен су кешетін кезде, жерімізге көз алартқан озбыр біреулер пайда болса, мінекей бізде, осыдан пәленбай 100 жыл бұрын жазылған картамыз тұр», — деп жауап берді өзінің риторикалық сұрағына Н. Саудабекұлы Ш. Уәлихановтың ақылына тамсанып.

Бұған қоса, қазақстандықтар:

«Шоқанды сатқын деп жүргендер, оның тырнағына татымайтын адамдар»

«Шоқандай болып алыңдар»

««Қазаққа жағу үшін өлукерек» деген біздің бір ағамыз», — деп пікірлерін қалдыруда.

Фото интернеттен алынды.