Шопырмен алысқан әйелге жұрт жағасын ұстап таңғалды
Әлеуметтік желіде жарияланған видео жұрттың жағасын ұстатты деп жазады Democrat.kz.
Видеода көліктен жұлқына шыққан келіншек: «Мына кісі маған жолдан түсіп қаласың деп айтты» деп, одан кейін шопырдың «енді неге жолдан түсіп қалмайсың» деген сұрағына «түспеймін! Мен саған бұрылып, тастап кет дегенмін!» деп бақырды.
Әйелдің дөрекі мінезіне ызаланған шопыр да шыдай алмады ма, тоқтаусыз боқтық сөзді боратты. Шешесінен түгін қалдырмай боқтаған шопырмен алыса кеткен жолаушы әйел көлікті бүлдіруге әрекет жасады.
«Заң шығып, әйелдер құтырды», «мына қатынға шыдаған байына рақмет», «не масқара мынау», «еркекке өзі қол жұмсап жүр, ал еркек «кет» деп қашып жүр ғой» десіп, жұрт әйелдің әрекетін сөгіп, пікір жазуда.
Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.