Сібірлік музыкалық феномен OTYKEN тобы Алматыда өнер көрсетеді

Сібірлік музыкалық феномен OTYKEN тобы Алматыда өнер көрсетеді

Әлемнің назарын өзіне аударған этно-группа OTYKEN тұңғыш рет Қазақстанға келмек. Музыкалық бірегейлігімен жаһан жұртшылығын тамсандырған топ 7-8 маусым күндері Алматыда өтетін әйгілі The Spirit of Tengri халықаралық этнофестивалінде өнер көрсетеді.

Сібірлік музыканттар YouTube, TikTok платформаларында миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулап үлгерді. Топтың бейнебаяндары әлем елдеріндегі тыңдармандар тарапынан жоғары бағаланып, түрлі әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. Вьетнам, Қытай және АҚШ-тың музыка алаңдарында ерекше танымалдылыққа ие болды.

Музыка әлемінің аңызға айналған тұлғалары да OTYKEN-нің шығармашылығына қызығушылық танытты. Мәселен, әйгілі рок-музыкант Игги Поп BBC радиосында тыңдармандарына OTYKEN тобының Legend атты әнін тыңдауға кеңес берсе, америкалық рэпер Xzibit арнайы өтінішпен BELIEF композициясына ремикс жасағысы келетінін жеткізген.

The Spirit of Tengri фестивалі – әлемнің түкпір-түкпірінен келген этно-музыканттарды біріктіретін бірегей алаң. Фестивальдің мақсаты – дәстүрлі мәдениетті насихаттау, ұлттық өнерді заманауи сахнаға шығару. OTYKEN-нің бұл фестивальге қатысуы – қазақ тыңдарманы үшін ерекше музыкалық тәжірибе болмақ.

Барлық жаңалықтар