Тағы бір «мас молда» видеоға түсіп қалды

0
554

ТикТок әлеуметтік желісінде тараған бұл видео көрерменнің ашуын тудыруда деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы. 

Видеода ақ сәлделі жасы келген қария тілі күрмеліп, әрең сөйлеп отыр. Не айтып жатқаны да түсініксіз. «Пиво әкел!» деп айғайлайды. Ал видеоны түсіріп тұрған кісі «Пиво ішпесеңізші, мұздай ғой, тамағыңызға тиеді. Үстіңіздегі офицерский киімді шешіп ішсеңізші» дейді.

078.turankulov атты желі қолданушы жүктеген бұл видеоны қазірге дейін мыңдаған адам көріп, жүздеген кісі пікір жазуда.  Лайым пранк болсын деп тілейік.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

@078.turankulov

♬ оригинальный звук — Елімменің Қазақстан 🇰🇿