Тағы да ПЦР тест тапсырамыз

0
222

Қазақстанда маймыл шешегін анықтау үшін ПЦР-тест сатып алды. Ол жуық арада елге жеткізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, инфекциялық ауруды Қазақстанға кіргізбеу үшін бақылауды күшейту керек.

«Маймыл шешегі өте қатерлі вирустық сырқат болып есептеледі. Қазіргі уақытта ол тек Африкада ғана емес, басқа да мемлекеттерде пайда болғанын көріп отырмыз. Соңғы екі жылда жүзден астам мемлекетте тіркелген. Жалпы 100 мыңға жуық адам жұқтырған. Маймыл шешегінің таралуына жол бермеу үшін ең алдымен Қазақстанға кіру жолдарын бақылауымыз керек. Яғни әуежайларда, пойыздар мен автокөліктер өтетін жерлерде. Қазір барлық жерде термометрия құралдары қолданылады. Маймыл шешегінің негізгі симптомдары – дене қызуының көтеріліп, теріде түрлі дақтар пайда болады. Сондықтан Қазақстанға кіруін болдырмауымыз қажет», — деп мәлімдеді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, елімізде маймыл шешегі бойынша клиникалық хаттама бекітілген. Алайда маймыл шешегінің спецификалық емі, профилактикалық жолдары, вакцинациясы жоқ.

«Сондықтан қазіргі уақытта қажетті ПЦР-тестерді сатып алып жатырмыз. Жақын арада осы тестілер елге жеткізіледі», — деп сендірді бірінші вице-министр.