«Тәңіршілердің әрекетінен шок болдық» дейді (ВИДЕО)

0
1089

ТикТок әлеуметтік желісінде тәңіршіл қауыммен табиғатта түрлі ритуалдар жасаудың куәсі болған қыздар өздерінің «шок жағдайға» түскенін баяндапты деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы. 

Видео таратқан Alyaashim атты аккаунттың иесі екі күн бойы тәңіршілермен өткен эксперименті туралы айтып: «Негізі біздікі кемпингтен басталған. Табиғатқа шығып, палаткалар құрдық. Тамақ ішіп отырғанда, сыртта шуылдаған дауыс естілді.

Сыртқа шықсақ, адамдар оттың айналасында бір-бірін отпен аластап, сүт шаша бастады. Бұл аруақтарды шақыру, оларға құрмет екен. Толған айдың астында, отты айналып, аруақтан медет сұраған тәңіршілердің әрекеті бізді шок етті», — деген қыз таң шапағымен тәңіршілер Қазақстанның туын жайып, күннің шапағынан тілек тілегенін айтады.

Мұнан кейін өздерін тәңірші деген қауым Ұмай ананың тасына барып, оның үстіне ақ құйған.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.