Тапқан ақшалары штраф төлеуге кеткен

0
415

«Өнер қырандары» тобының жігіттері концерттен түскен ақшаларын айыппұл төлеуге жұмсағанын айтады деп жазады Democrat.kz.ақпараттық порталы. 

«Біздің демеушіміз жоқ. Барлық материалдық шығынды өзіміз төлейміз. Тойға шығып тапқан ақшамызды концертке төлейміз. Өзіміз пәтер жалдап тұрамыз» деген «Өнер қырандарының» әртісі «Жамбо» бастапқы кезде басқа жаққа кетіп, ақша тапқылары келгенін де айтады.

«Афишаларымызды өзіміз жапсырып, билеттеріміз өтпей, залдың аренда ақшасын төлей алмаған кезіміз де болды. Өзіміз тірнектеп тиыннан құрап концерт өткізіп болған кезде салық комитетінен пәленбай миллионға штраф келген»,- деген «Жамбо» имандылық пен сабырдың арқасында осы күнге жеткендерін айтады.

@qazaqtargoi

♬ оригинальный звук — QazaQtargoi 95