Тест тапсыра алмаған мұғалім жұмыстан кете ме?

0
598

Мұғалімдер отыратын түрлі әлеуметтік желі топтарында бірнеше күннен бері бір құжат кезіп жүр деп жазады Democrat.kz.

Осы құжатқа байланысты білікті ұстаз Өмір Шыныбекұлы «Өрлеу» Республикалық біліктілікті арттыру орталығына арнайы сұрақ қойды.

«Ежелгі Рим мемлекетінде мәні біздің «Сабантой» дегенге келетін «Сатурналия» деген мереке болған екен..

Бұл күні құлдардың да өз қожайындарымен бір дастарқан басында қатар отырып, өз ұсыныс-пікірлерін ашық айтуға құқы болыпты..

Шіркін-ай, біз секілді мұғалімдерге мемлекет басшысымен бір үстел басында отырып, ұсыныс-пікірін ашық айтар күн болар ма екен?

Сұрағымды «Өрлеу» АО басшыларына қоя берейінші..

Сіздер мектептерге жіберіп жатқан мынау бір құжаттағы «Расторжение договора» деген нені білдіреді?

Тест тапсыра алмаған мұғалім жұмыстан кетеді ме?

Біздегі тест тапсыру жүйесі туралы алыпқашты әңгіме жетерлік.

Елдегі 400 мыңға жуық педагогтың 4-5%-ы тест тапсыра алмай қалса, әлеуметтік ахуалға қандай нұқсан келетінін ойландыңыздар ма?» деп жазды Өмір Шыныбекұлы өзінің парақшасында.

Естеріңізге салып өтейік, «Нысаналы мектеп» атты жоба іске қосылғанда, премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова «жоба бойынша тест тапсыра алмаған мұғалімдер жұмыстан шығарылмайтынын» қадап айтқан болатын.

Мұнан бөлек, аталмыш жобаға мұғалімдерді күштеп қатыстыру — заңсыз екенін Оқу ағарту министрлігінің ресми өкілі Ернұр Дәуенов те ескерткен-ді.

Алайда әлеуметтік желі топтарында кезіп жүрген төмендегі құжатта көрсетілген шарттар ресми өкілдердің сөзімен қабыспайды. Бұл қалай?

Тиісті мекеме басшылары төмендегі құжатқа байланысты өз жауаптарын береді деп сенеміз.

Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.