Төреғали әйеліне «ұсталып қалды»
Танымал әнші Төреғали Төрәлі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа видео жариялап, қызу талқыға түсті, — деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Massaget.kz -ке сілтеме жасап.
Өнер иесі парақшасына жаңа вайн жүктеді. Бейнеде ұялы телефонынан басқа қыздың билегенін көріп отырған Төреғали Төреәлі әйеліне ұсталып қалады. Мұны көрген жұбайы әншіні «таяқтың астына алып», көзін көгертеді.
«Көзіміз көгергенше, өзіміз көгеріп, көктейік ағайын!» — деп жазған әнші.
Өнер иесінің жаңа видеосы Желі қолданушыларын әбден күлдіртті.
«Арасында картопты жарып тұрсайшы, Төреш», «Төреғалиға бәрі жарасады. Актерлық шеберлігі мықты», «Ертең бәрін көзден сұрайды», «Төрешті сабайтын адам табылған ба?», «Бәрі жарасады, алғағ аман жүр, елдің еркесі болып, тек халқыңа айтар жақсы сөздерің бітпесін», «Қораға кіріп кетпеші, бәрі көрініп тұр», «Сауап болыпты», — деп жазған олар.
Фото интернеттен алынды.