Түрлі жобалардан мұғалімдер титықтап бітті

0
417

«Нысаналы мектептің» негізгі мақсаты білім сапасын арттыру, ауыл мектептерін қала мектептерімен теңестіру болса, 2014 жылдан бері айтылып келе жатқан қала мен ауыл мектептері әлі теңеспегені өкінішті. Мына қарқынмен Ғани Бейсембаев та теңестіре алмайды.

Бұрын мектеп бес жылда бір аттестациядан өтетін. Қазір үш жылда бір өтеді. Бұрын педагогтар бес жылда бір білімін көтерсе қазір үш жылда бір көтереді.

Педагогтар бес жылда бір аттестациядан өтеді. Талаптар бұрынғыдан да қатаңдатылған. «Сатып алады» дейді. Ұсталса, дәлелденсе — ЖҰМЫСТАН ШЫҒАРЫҢДАР!

Яғни Оқу ағарту министрлігі осындай талаптарды мұғалімге қойып отыр. Соған қарамастан білім сапасы неге төмен? Әр келген министр келе сала осы мұғалімдердің аттестациясымен алысады.

Мектепте білімнен гөрі қағазбастылық басым болып кетті. 130 бұйрықтағы ҚМЖ электронды нұсқада болсын деген жолдарға оқу-ағарту министрлігі қанағаттанбастан оны күнделікке қоса жеке-жеке жүктеуді енгізіп мәжбүрлеп отыр.

Ал сынып жетекшінің жұмысы өзі — бір әлем! «Біртұтас тәрбие» деген жобаларыңыз шыққалы мұрындарына су жетпей жүр. 2022 жылдың желтоқсанына сынып жетекшілерінің жүктемелерін қысқарту қаралған, сол қаралмаған күйі қалды…

  1. Президентке қағазбастылықты азайттық деп өтірік есеп бере бермей қағазбастылықты қысқарту керек
  2. Оқу бағдарламасы үйлесімді болуы керек. Биыл жел үрлейтін насосты оқып, келесі жылы желді қалай үрлеу керек екенін оқытатын бағдарлама тиімсіз
  3. Материалдық техникалық база. Жалаң қолмен қай майданда болсын соғыса алмайсың.
  4. Интернет қолжетімсіздігін азайту әлі де өзекті

Әзірге Аятжан Ахметжанұлы айтпақшы мақсатынан тайқыған нысаналы мектеп «жобасы» мұғалімдерді сандалтқаннан, оқушыны мұғалімсіз қалдырғаннан басқа ештеңе бере қойған жоқ.

Мейіржан ТЕМІРБЕК, белсенді ұстаз.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.