Туыстық некеге қатысты уағызшы сұмдық дүние айтты

0
256

Әлеуметтік желіде кезекті уағызын айтқан Нұрсұлтан Қасымов туыстық некеге тоқталыпты деп жазады Democrat.kz.

Пайғамбар өзінің туған жиені Зейнепті алған дегенге қатысты түсінік берген уағызшы: «Бұл қазақ халқы үшін түсінуі қиындау тақырып. Бірақ  өзбек, әзербайжан, тәжік, түріктерде бұл ешқандай да проблема емес. Шариғатта неке екі аға-інінің балаларынан басталады» деп тарқатқан уағызшы пайғамбардың шежіресін айтып, кімнің қалай үйленгенін айтады.

Бұл жердегі уағызшы айтқан сөздің біз назар аударатын тұсы мынау: «Бірақ халықтың арасында бір жаман ой бар. Бір бала мүгедек болып қалса, бір-біріне жақын, туыстың үйленуінен болды дейді. Мысалы, өзбектерде бір бала мүгедек болып туылса, «е, ол өзінің туысына үйленген» деген сөз туындайды. Қараңыздар, Аллаһ-тағала бір нәрсеге рұқсат берді ме, рұқсат берген нәрседе адам баласы үшін зиян жоқ. Мысалы, екі ағайынның балалары үйленгені үшін олардан мүгедек бала пайда болмайды. Егер де сол ағайын екеуінің үйленгенінен мүгедек бала пайда болатын болса, Алла мұндай нәрсеге рұқсат бермеуші еді«, — дейді.

Сіз мына уағызшының не айтқысы келгенін анық түсіндіңіз бе? Осыларды жүздеген, мыңдаған кісі ұйып тыңдайтынын ескерсек, бұл уағызшылар кімге қарсы жұмыс жүргізіп жатқанын түсіну қиын болмас, қалай ойлайсыз?

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Democrat.kz.

Фото интернеттен алынды. 

@tulpar998

♬ оригинальный звук — Академик.