Тыйым салынған діни материал таратқан

0
178

Атырау облысында тыйым салынған діни материалдарды таратқан 18 жастағы тұрғын ұсталды. Күдіктіден діни алауыздыққа шақыратын діни кітаптар тәркіленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлімет еткендей, Атырау және Ақтөбе облыстарындағы экстремизмге қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері бірлескен жедел іздестіру іс-шарасын жүргізген.

Сол кезде күдіктінің әлеуметтік желіде діни алауыздыққа шақыратын, тыйым салынған діни материалдарды таратумен айналысқаны анықталған.

«Атырау облысының 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Күдіктінің уақытша мекен-жайына тінту жүргізу кезінде түрлі діни кітаптар, діни мәтіні бар брошюра секілді айғақ заттар тәркіленді.

Қазір күдіктіге қатысты қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу дерегімен қылмыстық іс қозғалды», — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды. 

.