Уағызшы Ерлан Ақатаевтың сеніміне күмән келтірді (ВИДЕО)

0
228

31 арна таратқан ақпаратта уағызшы Ерлан Ақатаевқа қатысты әріптесі Арман Қуанышбаев пікір айтып, күмән келтіргені мәлім болды деп жазады Democrat.kz.

Ерлан Ақатаев — діни уағыз айтушы, діни дәріс берушілердің бірі. Әнші Сәкен Майғазиев бұл уағызшы туралы «Ерлан Ақатаев — Құранды тәптіштеп түсіндіреді» дейді.

Ерлан Ақатаев Алматының мешіттерінде уағыз айтады. Оны өнер адамдарының біразы сүйіп тыңдайтын көрінеді.

Алайда Арман Қуанышбаев әріптесі Ерлан туралы: «Ертең Дарын сияқты алданып қалмаңыздар. Күшті-күшті, жылататын сөздерді айтып, бір күні қолымызға мылтық алып, Сирияға кетіп қалмайық» деген.

Желіде тараған осы видеодан кейін жұрт Ақатаевтың ақидасына күмән келтіре бастаған. Ерлан Ақатаевқа қатысты мүфтият оның сенімінде ешқандай теріс ниеті жоғын, мүфтият сынағынан сүрінбей өткен дін қызметкері екенін мәлімдеген.

Фото интернеттен алынды.