Уағызшы кәпірлерді тозаққа “жіберіп жатыр”(ВИДЕО)

0
625

Қазақтың мүфтияты христиандар мен яһудилерді кәпір деп тозаққа жіберіп жатыр.

ҚР ҚК-нің 174-бабында қарастырылған жазаға сәйкес уағыз айтып отырған Абдулахад Сманов – ковид кезінде қайтыс болған Абдуғаппардың інісі.

Абдулахад – мүфтиятта имам және Құран тәпсірі бойынша PhD докторы. Осындайлар ғой Құранды теріс тәпсірлеп исламды басқа діндерге қарсы өшпенділіктің құралына айналдыратын.

Абдулахад Сманов докторантурасын Эр-Риядта бітірген. Бас мүфти Наурызбай Өтпенов қасіретті Қаңтар оқиғасынан қаны кеппей жатып, яғни 2022 жылдың мамыр айында Абдулахад Смановты ҚМДБ-ның Сауд Арабиясында өкілі етіп тағайындаған. Сауд Арабиясында сәләфизм ресми дін екенін білеміз.

Сауд Арабиясына Смановтардың бүйрегі ылғи бұрып тұрады. Олардың жекеменшігі іспетті Сарыағаш медресесінің түлектері ҚМДБ мешіттеріндегі имамдардың 80 пайызына жуық.

Кейде мүфтият басшылары теріс ағымдарға, оның ішінде сәләфизмге қарсы күрес жүргізіп жатырмыз дейді. Шындығында олай емес.

Мүфтият Смановтармен ымдасып, жымдасып кеткен. Бұл байланыс жақын арада үзілмейтін сияқты.

Абдулахад бас мүфти Наурызбай Өтпеновтің ең сенімді уағызшыларының бірі. Ал мынау видеода Абдулахад Таяу шығыстағы діни өшпендік өршітетін от тастап, мұсылмандардан басқалар пейішке кірмейді деп уағыз айтып, араздық тудырып отыр.

ҚМДБ мынау беталысымен Қазақстанды тағы бір халықаралық дауға ұрындырады-ау. Осыны Қазақстанның саяси билігі қашан түсінеді екен?!.

Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен.