Ұлттық құрылтай неге дәл наурыз айында өтеді?

0
11

Ұлттық құрылтайды Ораза айына дәлдеп өткізу не сәнім? Ауызашар беріп саяси авторитет жинауға бола ма?

Алғашында Ұлттық құрылтайды Қазақ мемлекетінің қалыптасуында айырықша рөлі бар қалада өткізу идеясы басым болды.

Мұны дұрыс делік – қоғамда саяси сана қалыптастырып, қазақстандықтардан Украинадағыдай саяси ұлт құруға бағытталды.

Сондықтан Бірінші Ұлттық құрылтай 2022 жылы маусым айының ортасында Жошы ханның кесенесі орналасқан Ұлытауда өтті.

Екінші Ұлттық құрылтай да 2023 жылы маусым айының ортасында қазақ хандары мен батырлары жерленген Түркістанда болды.

Үшінші Құрылтайда тура бір жылдан кейін маусым айының ортасында өтуі тиіс еді. Дегенмен, Ақорда идеологтары құрылтай мерзімін өзгертіп, оны маусымнан Ораза айыны ауыстырды.

Сөйтіп Үшінші Ұлттық құрылтай 2024 жылы 15 наурызда ежелгі Сарайшыққа жақын жердегі Атырау қаласында болды. Былтырғы Ораза айы 11 наурызда басталған. Сондықтан президент Тоқаевтың атынан құрылтайға қатысушыларға арнап Атырауда ауызашар берді (суретте).

Ислам күнтізбесі бойынша Ораза айы биыл 1 наурызда басталады. Ұлттық құрылтайдың жұмыс тобының мәлімдеуінше Төртінша Құрылтайды да наурыз айының ішінде Бурабайда өткізбек.

Сірә, құрылтай Ораза айында болғандықтан Президент атынан тағы да ауызашар беру жоспарланып қойған шығар…

Әрине, Бурабайда да қазақ хандарының ставкасы болған. Түркістан, Сарайшық, Ұлытау, Сығанақ, Бурабай атаулары қазақтың саяси тарихымен тұтасып жатқанын айттық.

Ал Ұлттық құрылтайды Ораза айымен, ауызашармен – ас ішіп аяқ босатумен, бір дінмен байланыстырып қоюдың не қажеті бар?!.

Әлде бұ қазақ Ауғанстандағы, Иран мен Саудиядағы сияқты діни санамен өмір сүруге тиіс пе?

Ораз ӘЛІМБЕК, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.