Видеодағы Бишімбаев па?

0
258

Желіде аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығып, ішімдік сұрап отырған ер адамның видеосы тарады. Болжам бойынша, видеода — экс-министр Қуандық Бишімбаев, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

Видеоны журналист Сырым Итқұлов телеграм арнасында жариялады.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер айтылады.

«Бұл адам барда шу шығарып, адамдарға тіл тигізіп, ішімдік сұрап етіп отыр. Бұл 27 наурызда соты өтетін адамға ұқсамаған болса пабликтерде тарайтын кезекті қатардағы эпизод болып қалар еді. Видео, болжам бойынша, 2022 жылдың ақпанында түсірілген», — дейді журналист. 

Видеодағы адамның даусы Қуандық Бишімаевтың даусына ұқсайтыны рас. Тіпті роликтегі адамдар «Қуандық» деп те қалады.

 «Маған виски құй. Өзінше болма, әңгімеге араласпа. Сен кімсің? Барменсің», — дейді видеодағы адам. 

Бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың ісін алқабилер соты қарайтыны айтылған. Сот талқылауы 27 наурызда басталатын болды.

Сотталушыларды қамауда ұстау мерзімі алты айға ұзартылды.

Фото ашық дереккөзден алынды.