Владислав Яковлев мәреге бірінші жетті

0
112

Академиялық ескек есуден ерлер арасындағы жартылай финалда спортшымыз Владислав Яковлев мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның атынан академиялық есу бойынша олимпиадалық жарыстағы жалғыз өкіл финалға өтті. Алайда, ол Олимпиада медальдарына үміткер бола алмайды.

2000 метрге жүзу кезінде ол мәре сызығын 7:26.20-да кесіп өтті, екінші болып Тунис өкілі Тайеб Мұхамед, үшінші индонезиялық Мемо келді.

Айта кетерлігі, тек үш спортшы жұбаныш жарысына өтті.

Академиялық ескек есуден ерлер арасындағы жартылай финал Астана уақытымен 12:30-да өтті.

Еске салайық, бүгін семсерлесуден әйелдер арасындағы жекелей сында Әйгерім Сарыбай алғашқы айналымда жеңіске жетті.

Фото интернеттен алынды.