Зеленский мен Трамптың кездесуі: Бұл Украина үшін жақсы емес

0
29

Зеленский кеше Трамппен кездесуге барды. Журналистер алдында сұрақтарға жауап беру басталды. Соңы пікірталасқа, арты дауға ұласып кетті. Тікелей эфир, ондаған журналист, миллиондаған адам қарап отыр. Эмоция…Қызыл эмоция…

Ақыры Зеленский мен Трамптың арасында өтуі тиіс бірлескен конференция өтпеді. Жабық кездесу де қысқа уақытқа созылды.

Трамп кейін әлеуметтік желідегі өзінің парақшасына былай деп жазба қалдырды. Қысқа айтқанда: «Зеленский АҚШ-қа құрметсіздік көрсетті, ол бейбітшілікке дайын емес екенін түсіндім. Бейбітшілікке дайын болған сәтте қайта келсе болады», — деді.

Зеленский Ақ үйден жоспардан тыс ерте қайтты. Екі ел арасында қол қойылуы тиіс сирек металлдарды игеру туралы құжатқа да қол қойылмады.

Шындығын айтқанда бұл Украина үшін жақсы емес. Бүгінгі кездесу таза фиаско…Өкінішті-ақ…

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ, саясаттанушы.

Facebook жазбасы.

Фото интернеттен.