«Зеленский өзіне «крест» қойды» дейді қоғам қайраткері

0
451

Ақ үйдегі кешегі ашық айқастардан кейін Зеленский өзіне «крест қойды» деп жазады дипломат, қоғам қайраткері Қазыбек Бейсебаев.

Оның пікірінше, Зеленский үлкен тарихи қателік жасады.

«Біріншіден, келіссөзге шақырылған жерде мұндай әрекетті көпшілік алдында жасауға болмайды.

Екіншіден, мұндай әрекетті кез-келген мемлекет басшысына, әсіресе әлемдік державаға қатысты жасауға болмайды.

Сонымен қатар, АҚШ Украинаның Ресейге қарсы соғыстағы басты одақтасы және демеушісі болып табылады.

Әлбетте, Зеленский әлемдік зұлымдықпен жалғыз күресіп жатқан елдің осындай жауынгер көшбасшысы рөлін ойнады.

Алайда Трамп пен оның командасы Зеленскийдің мынадай әрекетін кешірмейтіні анық. Украинаға обал болды» деп жазды дипломат өзінің әлеуметтік желі парақшасында.

Десек те, Қазыбек Бейсебаевтың оқырмандары оның бұл пікірімен келіспеді. Басым көпшілік оқырманы «Зеленский дұрыс жасады», «алып держава екен деп, мемлекетін сатуы кере пе еді?» , «Трамптың қылығы дұрыс емес» деген сыңайда пікір жазуда.

Фото интернеттен.

Дайындаған — Хақназар САДЫРХАНҰЛЫ.

Democrat.kz.