Жаназада белге неге ақ орамал байлайды?

0
28

Әлеуметтік желіге шыққан өзара сұхбаттың видеосы еріксіз назар аудартты деп жазады Democrat.kz. тілшісі. 

Видеодағы азаматтар жаназада еркектер беліне ақ орамал байлап алатынына қатысты талқылап отыр. Бірісі «оңтүстік жақта жаназада еркектер беліне ақ орамал байлап алады. Себебі кімге көңіл айту керегін сырттан келген адамдар білуі үшін» деген сыңайда түсінік беруде.

Бұл қаншалықты дұрыс? Оңтүстік қана емес, жалпы, жаназада белге орамал байлау не үшін керек? Сонымен қатар еркектер ғана емес, әйелдер де беліне орамал байлайтыны бар.

«Үлкендердің айтып отыруынан білгеніміз — жаназада белге орамал сырттан келгендер танысын, көңіл айтсын деген мақсатта байланбайды.

Қазақ белге орамал тағуды да бекерге шығармаған. Жаназада қатты жылағаннан бауыр езіліп кетпесін деген мақсатта белге орамал қысып, байланған. Адам көп жылағанда, көз жасы құрғап, іштен өксік ата бастайды.

Бұл да ішкі органдарға зиян тигізеді. Ал еңіреп көп жылағанда, бауыр органы езіле бастайды екен. Сол себепті жаназада марқұмның ет жақындарының белін мықтап орап, орамалмен байлап қоятын болған», — дейді түркістандық апамыз Дариға Тұрлыбайқызы.

Дайындаған — Мәриям КЕНЕСАРЫ.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.