Жастар неге шетелге оқуға кетуде?
Былтыр мектеп түлектерінің қанша пайызы шетелге оқуға түсті? Биылғы көрсеткіш қандай? Мектеп түлектерінің шетелдік университет таңдауын немен байланыстыруға болады деген сұрақтардың жауабын Ғылым және жоғары білім министрлігінен білдік, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
«Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл 189 мың қазақстандықтар мектепті аяқтады. Шетелдік жоғары оқу орындарына түскен студенттер саны туралы нақты мәліметтер жоқ, өйткені қазақстандық және шетелдік университеттерге қабылдау үдерісі әлі аяқталған жоқ.
Мысалы, Қазақстандағы мемлекеттік гранттарды бөлу нәтижелері жақында ғана жарияланды, ал қазақстандықтар үшін көптеген шетелдік университке өтініш беру әлі де ашық. Бұған қоса, бізде бар алдыңғы жылдар түлектері туралы деректер де нақты емес.
Студенттердің санын есептеу қиындай түседі, себебі барлық студент оқу елінде консулдық есепке тұрмайды», — делінген министрлік редакцияның ресми сауалына берген жауабында.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша, мектеп түлектерінің шетелдік жоғары оқу орындарын таңдауының себептері: халықаралық оқу орнының беделі, білім беру бағдарламаларының кең таңдауы, эмиграция мүмкіндігі, ақылы оқу бағдарламаларының қолжетімділігі және т.б.
«Оқу елін таңдаудағы негізгі факторлар – оқу тілі, оқу құны, жеңілдіктер, гранттар мен стипендия алу мүмкіндігі. Көптеген қазақстандық көршілес елдердегі, атап айтқанда, Ресей Федерациясы мен Қытайдағы жоғары оқу орындарына түседі.
Сондай-ақ, Венгрия, Чехия, Түркия, Италия, Кипр сияқты оқу бағдарламалары қолжетімді елдерді таңдайды. Бұл елдерде оқу құнын ішінара немесе толық жабатын жеңілдіктер немесе стипендиялар ұсынуы мүмкін.
Бұл елдерде оқу ағылшын тілінде немесе мемлекеттік тілде жүргізіледі, бірақ, әдетте студенттерге университеттен қарқынды тіл курстарын өту мүмкіндігі беріледі.
Сонымен қатар, шетелдік университеттерге түсу ҰБТ тапсыруды талап етпейді, бұл емтиханды тапсырғысы келмейтін немесе Қазақстандағы жоғары оқу орындарына түсуге жеткілікті балл жинамағандар үшін тартымды», — деп хабарлады ведомство.
Фото интернеттен алынды.