Жеті оқушы биік үйдің шатырында ұсталды

0
116

Астанада полицейлер көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен жеті кәмелетке толмаған жасөспірімдерді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 28 қыркүйекте «Мирас» тұрғын үй кешенінде болған. Полицейлер биіктікте қыздың тұрғаны туралы хабарламадан кейін келген. Жасөспірімдер шатырдың ашық есігін тауып, оған көтерілген.

Ал куәгерлер не болып жатқанын видеоға түсіріп, желіге салды. Видео авторлары балалар өз-өзіне қол жұмсауға әкелетін ойын тапсырмаларын орындап жүр деп болжады.

Алайда, полиция кәмелетке толмағандардың мобильді құрылғыларын тексергенде олардан қауіпті ойындарға қатысу фактілерін анықтамаған.

Нәтижесінде жасөспірімдердің заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша (балаларды жеткіліксіз бақылағаны үшін) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, полицейлер болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін тұрғын үй кешендері мен үйлердің шатырын құлыптау шараларын жасауда.

«Полиция тағы да ата-аналарды балаларының қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады. Әсіресе интернет пен әлеуметтік желілер арқылы қауіпті әрекеттерге қатысу қаупін қадағалау керек. Естеріңізге сала кетейік, бірлескен күш-жігермен ғана біз өскелең ұрпақты қорғай аламыз», — делінген ведомство хабарламасында.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.