Жолаушылар автобусы отқа оранды
Орал қаласында жолаушылар автобусы өртенді. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТЖД мәлімеиінше, оқиға 30 тамыз күні сағат 19.26-да «Омега» зауыты маңындағы көпірде болды.
«Х.Есенжанов көшесі 4-үй тұсында 3-бағытпен жүретін „Мерседес-Бенс“ автобусының мотор бөлігі өртенді. Зардап шеккендер жоқ. „Тілсіз жау“ сағат 19.42-де оқшауланып, екі минуттан кейін ауыздықталды», — делінген ТЖД хабарламасында.
Қазіргі кезде оқиғаның себеп-салдары анықталып жатыр.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.