Жұлдыз Әбдікәрімова: “Мен де солардың бірімін”

0
525

Біз де бала болғанбыз!” деп жазады актриса Жұлдыз Әбдікәрімова өзінің әлеуметтік парақшасында деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы.

«Сен қайдан келдің?» – дегенде, бір данышпан:
− Мен балалықтың елінен келдім, – деген екен. Ересектерде сол «Балалықтың елінен» келмеген ешкім жоқ. Анадан ешкім сақал-мұртымен тумайды. Мен де солардың бірімін. ©️Шерxан Мұртаза, “Ай мен Айша”.

Әр ересектің көңіл түкпірінде бала мінез бұғып жататыны рас” деп жазады әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз. Әлеуметтік желіге бала-шағасымен қыдырған видеосын жүктеген ол балаша ойнап, саябақта серуендеген сәттерінен көрініс жариялады.

Бұл жазбасында Жұлдыз не айтқысы келді деген оқырманы “жас кезінде істей алмаған дүниелерін қазір жасағысы келетін сияқты”, “балалығы болмаған. Әке-шешесі әбден өскенде, бай жігітке шық, махаббаты құрысын дегені білінеді” дескен жұрттың назарынан Жұлдыздың қысқа белдемшесі де сырт қалмады. “Қысқа етек кигені ұят” болыпты деп сынап жатқандар да бар.

Фото ашық дереккөзден алынды.