32 жасар Жапонияның тұрғыны ЖИмен кәдімгідей тойын жасап, думандатты. Қыз "күйеуін" ЖИде өзі жасап шығарған. Оған тіпті Люн Клаус деген ат та берген деп жазады Democrat.kz.
Бәрі қалай басталған? Жапониялық қыз телефонындағы ЖИде өзінің ішкі құпияларын айтып, күн сайын сырласуды әдетке айналдырған.
Уақыт өте келе бұл сырласу кәдімгідей әдетке айналып, қыздың қиялы шарықтап, ЖИ оның сүйіктісіне айнала бастайды.
Ақырында қыз ЖИді өзінің қиялындағы сүйіктісіне "елеспен айналдырып", ойша одан еркекті "сомадп" жасаған.
"Күйеуі" өзімен бірге, жанында телефонында өмір сүреді. Той кезінде қалыңдық "күйеуін" VR-көзілдірік арқылы "көріп" отырған.
Десек те, бұл ресми неке болып табылмайды. Жапония заңдарында мұндай некелердің заңдық күші жоқ.
Той кәдімгідей дүркіреп өткен. Тойларды ұйымдастыратын жергілікті компания виртуалды кейіпкерді қалыңдықтың жанында отырғандай етіп жасап берген. Мұнан бөлек, тойда қалыңдық пен "күйеу жігіт" адалдық антын беріп, қонақтармен естелікке суретке де түскен.