"Абай бол!": Марқұм Смановтың діндар Тазабекке айтқан соңғы сөздері желіде тарады

"Абай бол!": Марқұм Смановтың діндар Тазабекке айтқан соңғы сөздері желіде тарады

Марқұм Әбдіғаппар Смановтың науқастанып, қиналып, хал үстінде жатып, діндар Мұхамеджан Тазабекке жолдаған соңғы дыбыстық жазбасы желіде тарады деп жазады Democrat.kz.

Дыбыстық жазбада тынысы тарылып, демігіп, әрең сөйлеп жатқан марқұм Сманов: "Мұхамеджан, рақмет. Алла разы болсын. Бізге өздерің секілді қайратты жігіттердің бір ауыз сөздері керек. 

Соған бір рухын көтеретін сөздер керек еді. Жан бар жерде қаза бар. Ешкімге ренжімейміз. Қолдан келгенше қызметте болдық. Аман болсақ, әлі де қызмет етеміз. Өзіңе абай бол. Тілден, бәле, жаладан абай бол. Алла күш беріп, осыны жеңіп шығайықшы"дейді. 

Кезінде Смановтың әр сөзін ұйып тыңдап, оның айтқандарын бұлжытпай, ізінен ерген кісілер уағызшының соңғы үнін естіп, "мың жылда бір келетін ұлы адам" деп қапаланып, қайғырып пікір жазуда. 

Дайындаған Хақназар САДЫРХАН. 

 

Барлық жаңалықтар