"Әділет" партиясының 10 басымдығы: Бұл құндылықтар тек қағаз жүзінде қалмауы керек -Ренат Бектұров

"Әділет" партиясының 10 басымдығы: Бұл құндылықтар тек қағаз жүзінде қалмауы керек -Ренат Бектұров

Астанада елімізде құрылып жатқан «Әділет» жаңа саяси партиясының құрылтай съезі өтті. Шара соңында Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы, «Әділет» саяси партиясы басқарушылар тобының мүшесі Ренат Бектұров бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Kaz.inform.kz.-ке сілтеме жасап. 

Шара соңында Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы, «Әділет» саяси партиясы басқарушылар тобының мүшесі Ренат Бектұров бұқаралық ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берді.

Оның айтуынша, жаңа партияның басты миссиясы — әділетті Қазақстан құру. Жалпы, «Әділет» партиясының жарғысы 18 бөлімнен тұрады. Ал партия бағдарламасында бес негізгі құндылық айқындалған.

— Біріншісі — әділеттілік, екіншісі — отансүйгіштік, үшіншісі — еңбекқорлық, төртіншісі — жауапкершілік, бесіншісі — прогресс. Бұл құндылықтар тек қағаз жүзінде қалмай, қоғамда және экономика саласында нақты көрініс табуы тиіс. Сондықтан біздің басты 10 басымдығымыз айқындалған. Соның бірі — заң мен тәртіп, — деді ол.

Алайда «Әділет» партиясы ҚР Әділет министрлігінің тіркеуінен әлі өтпеген. Ренат Бектұровтың айтуынша, құжаттар жинау процесі жүріп жатыр екен.

— Құрылтай съезінен кейін біз партияны ресми тіркеу үшін құжаттар тапсырамыз. Заң бойынша партия құру үшін кемінде бес мың мүше болуы қажет. Біздің қолдаушыларымыз бұл талаптан екі есе көп — он мыңнан асады. Дегенмен тіркеуден өту-өтпеуін кепілдікпен айту мүмкін емес. Біз барлық құжаттарды заң талаптарына сәйкес тапсырамыз, — деді Ренат Бектұров.

Журналистердің «бәсекелестеріңіз кім?» деген сұрағына ол қысқаша жауап берді:

— Біз ешкіммен бәсекеге түспейміз. Басқа саяси партияларды талқылаудан аулақпыз. Біздің өз бағытымыз, өз ұстанымымыз бар. Біздің құндылықтарымыз бен мақсаттарымызға 10 мыңнан астам адам қолдау білдіріп отыр, — деді «Әділет» саяси партиясы басқарушылар тобының мүшесі .

 

Барлық жаңалықтар