Қазақстандағы ең бай адамның бірі саналатын, бұрынғы президент Назарбаевтың ортаншы күйеубаласы Тимур Құлыбаевтың қызының түрлі ракурста түскен фотолары әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
ТикТок әлеуметтік желісінде Тимур Құлыбаевтың қызы Дениза Асқардың шылқыған байлыққа малынған өмірінен хабар беретін суреттері тарады.
Әр суретке үңілген желі қолданушылар "нағыз өмірді осылар сүріп жатыр", "ең бақытты адамдар", "біздің ақшамызға шалқып күн кешуде", "Қазақстанның қайда екенін де білмейтін шығар бұл", "бұл өмірдің лотереясын ұтып алған қыз ғой", "құдай түрді де, байлықты да аямай беріпті" дегенге саятын пікір жазуда.



