Айқын Төлепбергеннің бұрынғы әйеліне қатысты айтқан сұмдық сөздері жаға ұстатты

Айқын Төлепбергеннің бұрынғы әйеліне қатысты айтқан сұмдық сөздері жаға ұстатты

Танымал әнші Айқын Төлепбергеннің кезекті бір сұхбатта айтқан сөздері әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.

Threads әлеуметтік желісінде Айқын Төлепбергеннің: "Әйеліммен ажырасқанда, оған күйеуге шығуға тыйым салдым. Бастапқыда солай тыйым салдым. Кейін балалар өскен соң, күйеуге шығуына болады. 

Бұрынғы әйелім ақылды ғана емес, өте дана әйел ғой. Сөз түсінеді. Жағдайды түсінеді. Қазір арамыз өте жақсы. Мен оны әу бастан ақылды болғаны үшін таңдағанмын. Балаларды маған қарсы қойып, опа таппайтынын ол жақсы біледі", деген сөздері жұртқа жақпай қалды. 

"Сонда өзі үйлене береді, ал әйелі балалар өскенде, яғни қартайғанда күйеуге шықса, рұқсат па?", "неге еркек қалаған уақытында ажырасып, қалаған уақытында үйлене беруге болады? Ал әйелге ондай таңдау неге берілмейді?", "Айқын, аузыңды тек ән айтқанда ғана ашшы", "әйелін балалармен тастап кетіп алып, тыйым салуы асқан оңбағандық қой" дегенге саятын пікір жазған жұрт әншінің сөздерін сынға алды. 

Барлық жаңалықтар