Алматыда өз анасын өлтірген еркек ұсталды

Алматыда өз анасын өлтірген еркек ұсталды

30 қазанға қараған түні Алматының Бостандық ауданында Дунаевский көшесіндегі үйлердің бірінде әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты  Orda.kz.-ке сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікпен марқұмның 41 жастағы ұлы ұсталды. Оның бұрыннан психикалық денсаулық орталығында есепте тұрғаны анықталды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы «адам өлтіру» айыбы бойынша іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Барлық жаңалықтар