Танымал әнші Роза Әлқожа әлеуметтік желідегі парақшасында көп ойлана келе, нақты бір шешім қабылдағанын мәлімдеп, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
Әнші бүгінге дейін өзін сынап, сырт келбетіне қатысты түрлі пікір айтып жүрген оқырмандарына: "Мен бүгіннен бастап өзгеремін деп шештім.
Бүгінге дейін бетімді, шашымды, сырт келбетімді күтіп, аса мән бермеппін.
Өнерге қызмет етем деп, әрі көп балалы ана болғандықтан өзімді күту мәселесін кейінге шегеріп келген екенмін.
Таяуда "неге арықтамайсың, неге өзіңе қарамайсың" дейтін үлкен хейт кетті. Бұдан былай спорт, сымбатымды күту сияқты нәрселерді қолға алмақпын.
Нәтижелерін осында бөлісіп отырамын", деді Роза Әлқожа.