Танымал әнші Роза Рымбаева бүгінге дейін еш жерде айтпаған керемет жаңалығы туралы айтып, екі ұлымен бірге видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
Роза Рымбаева екі ұлымен бірге жаңа ән жазып, клип түсіргендерін мәлімдеді. "Сәлем, достар, біз екі ұлыммен бірге ән жазып, клип түсірдік!"- деген Роза Рымбаева мен екі ұлы Әли мен Мәди де жаңа клипті көріп, әнді тыңдау үшін әлеуметтік желі арналарына келуді айтты.
Роза Рымбаеваның "Есімде" деген бейнебаяны мен ұлдарымен бірге дүниеге келген жаңа туындыға қатысты жұрт жылы лебіздерін білдіріп, пікір жазуда.