Ақмола облысында су бөгеті жарылды

Ақмола облысында су бөгеті жарылды

Қорғалжын ауданында «Шоптыкөл» бөгеті жарылды, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты  Orda.kz. -ке сілтеме жасап. 

ТЖМ мәліметінше, гидротехникалық нысан Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан. Бөгетте суды қауіпсіз өткізу бойынша жедел жұмыстар жүргізілуде. 

«Салдарды жоюға ТЖМ, жергілікті атқарушы органдар, аудандық полиция бөлімі және жол қызметтерінің күштері мен құралдары жұмылдырылған», деп хабарлады ТЖМ. 

Куәгерлердің сөзінше, екпінді қар суы «Астана – Қорғалжын» тасжолының бір бөлігін шайып кеткен. Алайда билік өкілдері жақын маңдағы Сабынды ауылына ешқандай қауіп төніп тұрмағанын және жағдай толықтай бақылауда екенін мәлімдеді.Бөгетті бекітуге 170 адам және 43 бірлік техника тартылған. Бөгетті нығайту, инертті материалдар төгу және суды бұру жұмыстары жүргізілуде.

Барлық жаңалықтар