"Ақша берсе, хиджаб киюге дайынмын": Ақша діннен жоғары болғаны ма?

"Ақша берсе, хиджаб киюге дайынмын": Ақша діннен жоғары болғаны ма?

Танымал коуч, блогер Ирина Разах "хиджаб кигені үшін ақша алатындар"мәселесін көтеріп, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Осыдан 1-2 жыл алдын алдымнан “блогерлер хиджапты ақша үшін киіп жатыр” деген бір пост оқыған болатынмын.

Бірақ, ол туралы кім айтқанын білмесем де, осы сөздер таңбадай есімде қалыпты. Кеше ол пост Динара Сәтжанға тиісті екенін білгенде, қоғамдағы жағдайға бей-жәй қарамайтын, ұлтшылдығына рахмет айттым.

Жақында Аека пош хиджабын шешкенде, “еее” деп қойғанмын. Инстада бір Аека емес қаншамасы аз уақытқа киіп, курс сатып немесе спикер болып Айнұр Тұрсынбаева, Мәрзия Бекайдарлармен бірге тренингтерге шығып жүргенін де байқадым.

Ол рекламада Кәмшат Жолдыбаева және Сәния Ильясованы көрдім. Рамина оранғанда отписаться еткенмін, кейін ол да орамалын шешкенде, қайта жазылуды қажет етпедім.

Пәленбай миллион аудиториясы бар адамдардың арасынан сүйікті блогерінен үлгі алатындар да шығады. Бірі еліктеп тақса, бірі еліктеп шешеді.

Әрине, ол әркімнің өз қалауы дерміз, бірақ, қоғамдағы кіші жағдайлар ақпараттық-онлайн заманда тез таралады, кең тамыр алуы мүмкін. Бір ғана орамалдың арқасында үлкен идеология болуы да мүмкін.

Өз ойым, бізде хиджабты ақшаға тақса, кейбірі адамдардың тез сеніміне кіру үшін маска ретінде тағады. Және де ақшалы жерлерден бастайды: трейдинг, инвестиция, тренинг өткізу, курс сату және қайырымдылық схемаларында, майлы жерлерден бастайды.

Енді кейбірі еліктеп тағады. Себебі, тағып қана қоймай, “орамалға келіп байыдым немесе бақыт таптым” деп айта бастайды. Кейбірі, діни манипуляцияның құрбаны болып жатады. Кейбіріне “жақсы қыз” имиджі керек болады.

Орамалда тұрған ештеңе жоқ. Орамал адамдардың харам-халял, жоғары-төмен деңгейін білдірмейді. Адамның саналы, рухани болуы өзге адамдарға деген құрметінен басталады.

❗️Орамалын, дінін өз қалауымен, шын жүректен, осознанно тағып жүргендер туралы емес бұл пост.

Просто арандатушылардың құрбаны болып, еліміздің тыныштығын бұзып алмайық дейміз. Осы ашық, көк аспанның астында бәріміз де өмір сүріп жатқандықтан, әрбір ісімізге, сөзімізге мұқият болайық"деп жазды блогер.

Төменге білетін, орамалды уақытша таққан немесе киіп-шешіп жүргендерді белгілей кетіңіз, біліп жүрейік.

Блогердің осы жазбасына пікір жазған бірнеше қыз "ақша берсе, хиджаб киюге дайын" екендерін ашық білдірді. 

Ал намазхан қыздар мәселенің байыбына бармай, тулап, "ақша үшін емес, Алла разылығы үшін хиджаб киіп жүргендерін" айтуда. 

Барлық жаңалықтар