"Асылып қалар едім": Динара Сәтжан қазіргі отбасылық проблемасына қатысты шындықты айтты

"Асылып қалар едім": Динара Сәтжан қазіргі отбасылық проблемасына қатысты шындықты айтты

Біраз уақыт бұрын "бұрынғы күйеуім өз міндетін орындамай жүр" деп кәсіпкер Жұмабек Жанықұловтың экс әйелі мәлімдеме жасаған еді. Қоғамда шу тудырған осы жағдайға қатысты өз пікірін білдірген Жұмабек Жанықұловтың қазіргі әйелі Динара Сәтжан өз шындығын айтты деп жазады Democrat.kz.

Журналист Шолпанға арнайы сұхбат берген Динара Сәтжан күйеуінің алиментті дұрыс төлемей жүр дегенге қатысты: "Бәрі өтірік! Басқа, бөтен балаларға қамқорлық жасап жүрген кісі өз балаларына жақсылық жасамайды деу - ақылға сыймайды. Жалпы, мен бқл мәселеге қатысты ештеңе айтқым келмейді. Бар айтарым - Жұмабек балалары десе, шығарда жаны бөлек адам. 

Ал осы шулы мәлімдемеден кейін әлеуметтік желіде маған жасалған хейтерлердің шабуылына келер болсақ, бәлкім, бұдан 15-20 жыл бұрын осылай сөзбен шабуыл жасаса, асылып қалар едім. Ал қазір мені желідегі жұрттың не айтып жатқаны мүлде қызықтырмайды. Мені кінәлап, мені жек көретіндер аз емес. Десек те, мені жақсы көретіндер де аз емес", - деді. 

Барлық жаңалықтар