Соңғы бір аптада мұғалімдердің біліктілік аттестациясына қатысты пікірлер мен қызу талқы тоқтаусыз жүріп жатыр. Сондай талқылаудың бірі аттестациядан "ОЗП" тестін алып тастауға байланысты айтылып бастады деп жазады Democrat.kz.
Threads әлеуметтік желісінде аттестация тақырыбын қаузаған педагогтар "ОЗП" яғни мұғалімнің өз пәнінен тапсыратын тест нәтижесін жариялап, жағаларын ұстауда.
2022-2025 жылдардағы педагогтардың өз пәні бойынша тапсырған тест нәтижелері өте төмен екенін байқауға болады.


Жоғарыда берілген тест нәтижесінің фотоларына байланысты "ОЗП" ны не үшін алып тастағаны енді белгілі болды. Мынадай масқара көрсеткішті көрсетпеу үшін ғой бәрі. Мұғалімдер өз пәнін білмейді. Меніңше, "ОЗП" мұғалімнің өз пәнінің нағыз білімді маманы екенін көрсететін жалғыз мүмкіндік еді", "дәл осындай көрсеткіш pisa, pirls, tims бойынша да айтуға болады. Дінге шырмалған аймақтардың білім деңгейі де өте төмен екенін көруге болады. Оңтүстік пен Солтүстікті салыстырып көріңізші. Білім деңгейінен де, мешіттер санынан да айырмашылық қандай?!" Деген пікірлер жазылуда.

