Атыраудың Жангелдин ауданында өзінің қайын жұртының адамдарын өлтірген деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі кешегі ұлының сотынан кейін пікір білдірді деп жазады Democrat.kz.
Қазіргі кезде қылмыскер ретінде күдікті саналатын Сұлтан Сәрсемәлиевке қатысты соттың алғашқы бір отырыс өтті.
Кеше өткен сол процеске қатысқан Сұлтан Сәрсемәлиевтің әкесі аласымен кездесуге барғанын айтады. Бұл туралы видеоны журналист Базаркүл Нәдірқызы өз парақшасында бөлісті.
"Кездесуге бардық. Бес минутқа кіріп, шықтық. Айтатын нәрсесі де болған жоқ. Кездесуде не айтқаным есімде жоқ", деп қысқа қайырды Самиғолла Сәрсемәлиев.
Бұл видеоға қатысты кей кісілер Самиғолла Сәрсемәлиевке жаны ашып, жақсы тілектерін білдірсе, енді біреулер "әкесін де тергеу керек" деген пікір жазуда.