Тұрсынбек Қабатовтың қызы Айару әкесі туралы жаман пікір жазып жатқандарға арнап жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Хейт жазу басталғанда, оның астарына үңілуден гөрі, тобырға қосыла кету оңайырақ қой. Ең қиыны бір сәтке тоқтап, адамның қателігіне емес, жанына үңілу"деген Айару қандай жағдай болса да, әкесін шексіз сүйетінін жеткізді.
Мұнан бөлек, Айару әкенің қыз баласының өміріндегі ерекше орнына тоқталып, "мен оны аман есен жүргені үшін жақсы көремін. Мен үшін ол аман жүрсе жеткілікті. Ол аман болса, оны жоғалтып алудан қорықпай жақсы көре беремін" деді.
"Әкем туралы жазылған жаман дүниелерді оқу, жаман видеоларды көру жүрегімді ауыртып, жаныма батады. Мен үшін әкем ең идеал адам, солай болып қала береді. Сіздің әкеңізді жамандаса, сізге ұнар ма еді? Менің орныма өзіңізді қойып, ойланып көріңізші" деді Айару.