Бала тәрбиесі - мектеп пен бала бақшаның міндеті

Бала тәрбиесі - мектеп пен бала бақшаның міндеті

Аңғарған болсаңыздар, соңғы кездері министрден бастап, мұғалім, тәрбиешілерге дейін "Ата-ана жауапкершілігі" туралы көп айтып, көп жұмысты ата-аналарға жүктеп, өздерінен итеріп тастауға тырысып жатыр..

Иә, сөз жоқ - баласы үшін ең алдымен ата-ана жауапты.. Бірақ, біз ел алдында "ата-ананың жауапкершілігі" туралы ақылдымсып отырғанымызды естіген ата-анасы жоқ бала өзін қандай күйде сезінетінін ойладыңыздар ма? Оған ата-аналары өзара тіл табыса алмаған тірі жетімдерді қосыңыз (Еліміз ажырасу жағынан әлемде көшбасшылар қатарында). Оның үстіне ата-ананың барлығы баласына дұрыс тәрбие бере алатындай көзі ашық, білімді немесе өрелі емес.. Мемлекетімізді өркендететін патриот қана емес, жан-жақты көзі ашық азамат тәрбиелеу ең алдымен бала бақшалар мен мектептердің міндеті.. Сол үшін де мемлекет білім саласына триллиондаған қаржы жұмсайды... Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ, білікті ұстаз. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар