"Бақұл бол...": Балғынбек Имашевтің жоқтауы сай-сүйекті сырқыратты

"Бақұл бол...": Балғынбек Имашевтің жоқтауы сай-сүйекті сырқыратты

Танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында қаралы хабар туралы айтып, марқұм ақын Бекжан Әшірбаевты жоқтап жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

"Бекжан ақын! Дегдар ақын…

Ақын өлді. Сөзі қалды.

“Октябряттар орнына,
Ақпақұлақтар келді ғой…”

“Кеңсайда тұрып кезекте,
Ақсайдан тәуір үй күттің…”

“Академиялық білімді,
Әкеден алу - әділ жол…”

“Мультфильмдегі қояндай,
Муфтиің қойды оянбай…”

“Пушкасы келіп үйді атқан,
Пушкині келіп миды атқан…”

Алланың Рақымына бөлен, аға-дос!
Бақұл бол, Бекжан ақын!!!

Аз ғана айтысымен өнерге көп олжа салған Көкжал ақын…" деп жазды Балғынбек Имашев. 

Барлық жаңалықтар