Белгілі философ діншілдердің сұмдық қулығын айтты

Белгілі философ діншілдердің сұмдық қулығын айтты

Философ-публицист Әбдірәшит Бәкірұлы  діни миссионерлердің қалай манипуляция жасайтынын айтты, деп жазды Democrat.kz.

«... Олар, әдетте, өз "уағызын" "Мұсылмансың ба?" деген сұрақпен жалғастырады. Бұл – адам санасын манипуляциялайтын психологиялық амал-сұрақ. Түсіндірейін.
Көшеде сіз біреуді ұстап алып, одан:
– "Жақсы адамсың ба, жоқ жаман адамсың ба?"–  деп сұраңыз, қандай жауап аласыз?
Көбіне "Онда шаруаң не?"– деп, сізді тойтарып тастайды.
Енді, тура солай "Мұсылмансың ба, жоқ па?" деп сұрасаңыз, әлгі адам қипақтап қалады.
Соңында "Әлімсақтан мұсылманмын" деуі мүмкін.
Өйткені, "мұсылман емеспін" десе, онысы "мен жаман адаммын" дегенді айтқызбай мойындау болып шығады. Қулық осы жерде жатыр.
Себебі, "Мұсылмансың ба?" деген сұрақ "Жақсы адамсың ба?" деген сөз.
"Мұсылман емессің бе?" деген сөз  "Жаман адамсыз ба, яғни, кәпірсіз бе?" деген сөз.
Міне, манипуляция осында...» – деп жазды Әбдірәшит Бәкірұлы.

Барлық жаңалықтар