BilimClass-қа өткен мектептерді не күтіп тұр?

 BilimClass-қа өткен мектептерді не күтіп тұр?

2026 жылдың басында Алматы мектептері BilimClass атты жаңа білім беру жүйесіне көше бастады. Бұл үдеріс өткір реакциямен, тіпті сотқа талап арыз берумен қатар жүрді, алайда сот өз ұйғарымымен BilimClass платформасын енгізуді жалғастыруға рұқсат берді деп жазады Democrat.kz. Forbes.kz.-ке сілтеме жасап.

Bilim Group компаниясының басшысы Александр Савченконың айтуынша, Алматыдағы көшу 2025–2026 оқу маусымының алдында, жазғы демалыс кезінде-ақ жоспарланған, алайда алдыңғы жүйеге қатысты техникалық мәселелер бұл үдерісті кейінге қалдырған.

2025 жылдың қыркүйегінде 15 мектепте BilimClass сәтті сынақтан өтіп, педагогтар мен ата-аналар тарапынан оң пікірлер алынғаннан кейін, қаланың барлық мектептерін платформаға көшіру туралы шешім қабылданды. Осындай көшу Қазақстанның 12 өңірінде, соның ішінде Ақмола, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Жетісуда да сәтті жүзеге асырылған.

BilimClass-тың басты артықшылығы — оның барлық пайдаланушылар үшін, яғни мектептер, мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар үшін тегін қолжетімді болуы. Компания электрондық журнал, сабақ кестесі және үлгерімді бақылау сияқты базалық функциялар ақылы жазылымсыз қолжетімді болатынын атап өтеді.

Деректер қауіпсіздігі — тағы бір маңызды аспект. BilimClass ҚР жеке деректерді қорғау туралы заңнамасына қатаң сәйкес жұмыс істейді. Пайдаланушылар өз еркімен тіркеледі, ал ақпаратқа қолжетімділік дерек иелерінің келісімімен ғана беріледі. Алдыңғы жүйелерден алынған үлгерім бойынша тарихи деректер тек мектептердің жұмысы мен аттестация үшін ғана пайдаланылады.

BilimClass-қа көшу пайдаланушылар тарапынан жоғары баға алды: мұғалімдер мен ата-аналар арасында жүргізілген сауалнамалар нәтижесінде 60%-дан астамы платформаны баламалармен салыстырғанда ыңғайлы әрі функционалды деп бағалаған.

BilimClass — 15 жылдық тәжірибесі бар, Қазақстандағы ең ірі EdTech-компаниялардың бірі — Bilim Group компаниясының өнімі. Платформа толықтай өз әзірлемелері негізінде жасалған және 15-тен астам цифрлық білім беру өнімін біріктіреді. Олардың қатарында:

 • BilimLand — мектеп бағдарламасы бойынша оқу материалдары бар цифрлық кітапхана;

 • iMektep — бастауыш мектепке арналған интерактивті білім беру ортасы;

 • iTest — ҰБТ-ға дайындыққа арналған платформа;

 • ChatGPT for Education — оқу үдерісін қолдауға арналған жасанды интеллектке негізделген құралдар және басқа да өнімдер бар.

Бұл ресурстардың барлығы BilimClass ішінде тегін қолжетімді. Сонымен қатар компания басшылығы болашақта да платформадағы базалық функционал үшін пайдаланушылардың барлық санатына ақылы тетіктер енгізуді жоспарламайтынын мәлімдейді. Бұл негізгі білім беру құралдары мектептер, мұғалімдер, ата-аналар мен оқушылар үшін әрқашан тегін болып қалатынын білдіреді.

Платформаны дамытуға инвестицияны компания сыртқы қаржыландыруды тартпай, өз есебінен жүзеге асырып отыр. 2020 жылғы пандемия білім беруді цифрландырудың катализаторына айналып, BilimClass біртұтас, интеграцияланған әрі ыңғайлы цифрлық ортаға деген қажеттіліктен пайда болды. Платформа электрондық журналды, қашықтан оқыту құралдарын, аналитиканы және қосымша білім беру сервистерін біріктіреді.

BilimClass алдағы уақытта да дамуын жалғастырып, оқушыларды, ата-аналарды және мұғалімдерді қолдауға арналған ИИ-агенттерді қоса алғанда, жаңа сервистерді енгізуді жоспарлап отыр. Базалық функциялар тегін болып қала береді, ал ақылы опциялар тек қосымша, міндетті емес қызметтер ретінде ғана енгізіледі.

Осылайша, BilimClass Қазақстандағы цифрлық білім берудің жаңа стандартын қалыптастырып, мұғалімдер мен ата-аналар қолдайтын тегін, ыңғайлы және технологиялық өнімді ұсынады.

Барлық жаңалықтар