Мыс, алюминий және мырыш өңдеу көлемі екі есе артуы мүмкін

Мыс, алюминий және мырыш өңдеу көлемі екі есе артуы мүмкін

Металлургия саласында мыс, алюминий және мырышты ел ішінде өңдеу көлемін 2029 жылға қарай екі есеге арттыру жоспарланып отыр. Бұл шикізатты экспорттаумен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістерді дамытуға мүмкіндік береді, деп жазады Democrat.kz.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, соңғы үш жылда өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 14,5 пайызға өскен. Салаға салынған инвестиция екі есеге артып, 3 триллион теңгеге жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы он айында өңдеу өнеркәсібінің өндірісі 9,3 пайызға өскен. Бұл соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

Металлургия өңдеу өнеркәсібі өнімінің шамамен 40 пайызын құрайды. Салада 109 мыңға жуық адам еңбек етеді. Ішкі кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету үшін 2021 жылдан бастап ірі металлургиялық компанияларға отандық өңдеушілерге шикізатты жеңілдетілген шарттармен ұсыну талабы енгізілген. Қазір осы механизм аясында 30 келісім жасалып, мыс сымын жеткізу бойынша 15 коммерциялық шартқа қол қойылған.

Бұл бастаманың нәтижесінде Алматыда радиатор, Шымкентте профиль, Жетісу облысында аккумулятор және Саран қаласында металл мырыштау өндірістері іске қосылған. Алдағы міндет – шикізатты терең өңдеп, қосылған құны жоғары өнімдердің үлесін арттыру.

Барлық жаңалықтар