"Біраз мектеп директорының маскасы шешіледі" деген педагог үндеу жасады

"Біраз мектеп директорының маскасы шешіледі" деген педагог үндеу жасады

Таяуда ғана біліктілік бойынша тапсырған тестерінен мұғалімдердің жартысынан көбі өте алмауына байланысты белсенді педагог Дархан Ардақұлы үндеу жасады деп жазады Democrat.kz. 

"Жақында тест тапсырған мұғалімдердің жартысынан көбі сынақтан өте алмай қалғаны мәлім. Мұғалімдер ғана емес, мектеп директорлары да тест тапсыруға тиіс. 

Директор да өз пәнінен сынақтан өтсін. Ол сол директорлыққа мұғалімдік арқылы келді ғой, көрейік. Қанша директор өз пәнін білетіні, білмейтіні мәлім болады сонда.

Егер директор өз пәнінен тестен өте алмаса, ондай директор мұғалімдерге не айтып, не үйретеді? Директорларды да тексеру керек. Әр директор өз пәні бойынша сынақ тапсырып көрсінші, сол кезде біраз директордың маскасы шешіледі", дейді Дархан Ардақұлы. 

Барлық жаңалықтар