"Диетаның" әншісі жұрт білмейтін ауыр жағдайы туралы айтты

"Диетаның" әншісі жұрт білмейтін ауыр жағдайы туралы айтты

"Диета" тобының әншісі Жасұлан Базарбаев балалық шағында өткізген қиын күндері туралы ерекше бір жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.

Бүгін таң ерекше ойға батырды. «Жұлдыз FM» радиосында «Неше жасыңыздан жұмыс жасадыңыз?» деген сұрақ қойылыпты.
Ойланып қарасам, талай жолдан өткен екенбіз ғой…

5–6 жасымда ата-анаммен бірге 5 гектар жерге қауын еккен едік. Күзде қауын піскенде, қауын қақ жасап, күнге кептіріп сататынбыз. Үйдің үлкені болған соң, жұмысқа ерте араластым.

Тоқырау жылдары не бәрі 11-12 жасымда Түркістан вокзалында пісте, лимонад саттым. Кейін Мақтаралға — Ильичке барып, ата-анаммен бірге нан саттық.
Базарда тұрып көзілдірік те саттым.

Арман қуып Алматыға келгенде — базар аралап жүзім саттым, күн ысығанда арбамен су, күн салқындағанда терезеге жабыстырылатын плёнка саттым.
Үйге қайтарда жолай товар басып, грузчик те болдым, арасында официант, түнде охрана болдым. Арасында тамада болдым “Эльухан” деген салға барып тай бокспенде айналысып көрдік сөйтіп арасында stars клубта 3000 теңгеге төбелесіп көрдік.

Қазір артқа қарасам — бәрі мектеп екен.
Бірақ сол күндердің бәріне шүкір деймін.
Өйткені сол еңбек, сол бейнет мені бүгінгі мен еткен…"деп жазды әнші. 

Барлық жаңалықтар