"Димашқа теріс батамды бердім": Әлеуметтік желі сұмдық жазбаларға толып кетті

"Димашқа теріс батамды бердім": Әлеуметтік желі сұмдық жазбаларға толып кетті

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желілерде Димашты жамандаған постерлер мен жазбадар көбейіп кетті деп жазады Democrat.kz.

Бұл туралы қоғам белсендісі Бақыт Шабдан да: "Инста мен Тік Токта әншілердің Димашты жамандағаны туралы видеолар толып кетті. Мен қаралым және жазылушыларын көбейту ойдан шығарылған жала деп ойлаймын. Интернетті ақтардым.

Мұрат Құсайынов Димаш туралы жаман айтпаған. Роза Рымбаеваның Димаш туралы бір ауыз жаман сөзі жоқ. Досым Сүлеев те, Айгүл Иманбаева да, Мейрамбек Беспаев та , Қайрат Нұртас та-Димашты мақтаған"деп жазды

Ең сорақысы, "Дос Мұқасан" тобының әншісінің аузына "Димашқа теріс батамды бердім" деген ауыр сөзді салып қойған. Досым Сүлеевтің дәл осылай айтуы мүмкін емес. 

Десек те, дәл осындай жазбалардың астына мәселенің байыбына бармаған кей кісілер бұрқыратып пікір жазуда. 

 

Барлық жаңалықтар