Дина Төлепберген: "Күйеуімді үйден қуып жібердім"

Дина Төлепберген: "Күйеуімді үйден қуып жібердім"

Танымал журналист Дина Төлепбергеннің әлеуметтік желідегі жазбасы оқырмандарының назарын ерекше аударды деп жазады Democrat.kz.

"Өткен аптада мен күйеуімді үйден «қуып жібердім».

Шынымен. «Алаңдамай дайындал. Тапсыра алмасаң, келмей-ақ қой», — дедім. Әрине, бұл әзіл мен шындықтың арасы еді. Сырттай сабыр сақтауға ұмтылғаныммен, іштей екеуміз де алаңдап жүрдік, әрине.

Өйткені IELTS - жай емтихан емес. Шүкір, тілді толығымен «ұмытпапты».

Абыроймен 7.0 балл алып шықты. Бұл - жақсы нәтиже. Бірақ Мараттың шегі емес. Мен оны анық білемін.

Ендігі кезек менде. Дайындалып жүрмін. Сондықтан емтиханнан кейін күйеуімді «қалай, не болды?» деп сұрақтың астына алдым.

Ол жауабын былай жазып берді. Сол жазбаны өзгертпей жариялауды жөн көрдім. Бәлкім, сізге де көмегі тиер.

42 жаста біз екеуміз қайтадан студент сияқты жүрміз. Қайтадан үйреніп жатырмыз. Қайтадан өзімізге жаңа мақсат қойып жатырмыз.

Егер ізденсең - миың да, өмірің де жасарады екен.
Күшті жаңалықтардың алдында тұрған сияқтымыз…"деп жазды журналист.

 

Барлық жаңалықтар